Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты

Қарағанды қ.                                                                                                                                                                                     04 желтоқсан 2017 жыл 

 

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС (энергиямен жабдықтаушы), №00395 от 01.07.2009ж. лицензиясына сәйкес, тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асырушы, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, Жарғы негiзiнде әрекет ететін Директоры Боршанов Айбек Балтабекович, бір тараптан, және бұдан әрі

«Тұтынушы» ________________________________, ___________ негiзiнде әрекет ететін ___________, бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталып, жеке «Тарап» және бірлесіп «Тараптар» деп аталып, осы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын (бұдан әрі - Шарт) төмендегідей жасасты:

 

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) есептік кезең - тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;

2) тұтынушы - шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

3) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

4 )электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесі - электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);

5) электр энергиясын сату нүктесі - энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте.

Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

 

2-тарау. Шарттың мәні

 

2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.

3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей электр желілеріне қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады.

 

 

3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу

 

4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есептік жолмен анықталады.

5. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.

6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының, энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану барысында аспаптардың көрсеткіштерін қашықтықтан алу кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.

Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін Тұтынушы өз бетімен шеше алады. Көрсеткішті шешу барысында және төлеу құжаттарын төлеу барысында Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша және алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады.

7. Тұтынушы кезекті жылға электр энергиясын тұтыну көлемін анықтау үшін жабдықтау жылының алдыңғы жылы басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім береді.

 

 

4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеу тәртібі

 

8. Пайдаланылған электр энергиясы үшін төлем есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 (онбесіне) дейін төленеді.

ҚҚС-ты қоса алғанда тиісті қаржылық жылға шарт бойынша сома - _______________ теңге 00 тиын (______________________ теңге 00 тиын).

ҚҚС-ты қоспағанда тиісті қаржылық жылға шарт бойынша сома - ________________ теңге 00 тиын (_______________________ теңге 00 тиын).

Бюджет түрі ____________________.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - ____ «_______________________

___________________________________________________________________».

Бюджеттік бағдарлама - ______ «_______________________________

___________________________________________________________________».

Ішкі бағдарлама- ________ «___________________________________

___________________________________________________________________».

Ерекшелік - ___ - коммуналдық қызметтерді төлеу.

Ерекшелік - ___ - сатып алынатын тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша Сатушыға ҚҚС сомасын аудару.

9. Егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды бұзушылық жойылған соң және қосу үшін көрсетілетін қызметке ақы төленгеннен кейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жүргізеді.

10. Тұтынушыға есептік айдан кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің және (немесе) осы Шарттың 4, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген есептеулер негізінде төлем құжаты жазылады және беріледі.

11. Коммерциялық есепке алу аспаптары электр желісінің теңгерімдік тиесілі шекарасында орнатылмаған кезде, тиесілі шекара мен коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату орнына дейінгі электр энергиясының ысыраптарын энергия беруші ұйым Тұтынушымен келісе отырып, есептік жолмен анықтайды, ал төлемді балансында желінің көрсетілген учаскесі орналасқан тарап жүргізеді.

12. Смарт-картасы бар есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.

13. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.

 

 

5-тарау. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

 

14. Тұтынушы:

1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын алуға;

2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;

3)шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;

4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқылы.

15. Тұтынушы:

1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;

4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;

5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.

 

 

6-тарау. Сатушының құқықтары мен міндеттері

 

16. Сатушы, энергия беруші ұйымды қатыстыру арқылы:

1) Тұтынушы немесе оның өкілі алған фактісін растауға мүмкіндік беретін жазбаша хабарлама жіберу арқылы электр энергиясын беру тоқтатылғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша ескерту шартымен Тұтынушы пайдаланған энергияны төлемеген жағдайда шартты орындауды тоқтата тұруға;

2) шарттың жасаумен немесе орындалуымен байланысты даулы мәселелер туындағанда сотқа жүгінуге құқылы.

17. Сатушы:

1) жасалған Шартқа сәйкес электр энергиясын беруге;

2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;

3) Тұтынушы немесе оның өкілі алған фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен төлемегені үшін электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатылғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабарлауға;

4) бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру орналастыру арқылы, сондай-ақ төлем құжаттарындаға осы өзгерістерді көрсете отырып, электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифтер, олардың өзгеруі туралы Тұтынушыны 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;

5) Тұтынушыдан оған ұсынылатын электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банк операцияларының жеке түрлерін көрсететін банктер мен ұйымдар арқылы төлем қабылдауды қамтамасыз етуге;

6) тұтынған электр энергиясының төлемін өтеу үшін Тұтынушыға ай сайын төлем құжатын ұсынуға;

7) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын ұсынуға міндетті.

 

 

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

 

18. Электрмен жабдықтау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тараптар нақты келтірілген зиянды өз еркімен өтеуге немесе келіспеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.

19.Тараптар форс-мажор (зілзалалар, әскери әрекеттер, террористік актілер) жағдайларынан туындаған, сонымен қатар тараптардың еркінен тыс болған түрлі (электр беру желілерінің және басқа жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы) жағдайларда электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапты болмайды.

20. Тараптар өздерінің атаулары, заңды мекенжайлары, нақты тұрғылықты жерінің және осы Шарт талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы бір-біріне жедел түрде хабарлауға міндеттенеді.

 

8-тарау. Қорытынды ережелер

 

21. Шарт тараптар қол қойған күннен бастап жасалды деп саналады, күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі қолданылады.

Жыл сайын Шарттың мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын тараптардың бірінен осы Шартты ұзартудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама келмесе, осы Шарт жасасқан кездегі талаптарымен келесі күнтізбелік жылға ұзартылған болып есептеледі.

Шарт Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

22. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасындағы даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде даулы мәселені өз еркімен шешу үшін Тұтынушыға хабарлайды. Өзара келіспеген жағдайда, даулы мәселелерді шешу осы Шартты орындау орны бойынша сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

23. Шартқа тараптардың келісуімен енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.

24. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

 

9-тарау. Тараптар деректемелері

Сатушы: 

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС

Қарағанды қаласы, Лободы көшесі, құрылыс 35А

БИН 061240003113

БИК SABRKZKA

ДБ АО "Сбербанк"

ИИК KZ89914398411BC04054

 

Телефон\факс 98-00-01, 98-00-10

 

 

Директор

 

__________________  Боршанов А. Б.

 

Тұтынушы:

_________________

_________________

_________________

 

 

 

_____________________М.Б. (заңды тұлғалар үшін)

 

 

Осы Шарт Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығына сәйкестендіріліп жасылған (бұйрығына 3-қосымша).

 

 

Мемлекеттік бюджеттен

қаржыландырылатын заңды

тұлғаларға арналған электрмен

жабдықтаудың үлгілік шартына

1-қосымша

 

Коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесі

 

№ р/р

Атауы

Есептеуіш типі

Зауыттық нөмірі

Ток

трансформаторлары

Коэффициентті

есептеу

1

2

3

4

5

6

           
           
 

 

 

Энергия беруші (энергия өндіруші)                                                          Тұтынушы:

ұйым

_________________________                                                                     ______________________

 

 

Мемлекеттік бюджеттен

қаржыландырылатын заңды

тұлғаларға арналған электрмен

жабдықтаудың үлгілік шартына

2-қосымша

 

Нысан

 

Кімге «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС

(энергия беруші ұйым)

Кімнен __________________________

(ұйым атауы)

 

 

Электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім

 

Мен,_______________________________, Сізден электр энергиясын____________ көлемде___________ аралығында алдын ала беруіңізді сұраймын.

 

№п/п

Айлар

кВт.сағ

Цифрмен

Жазбаша

1

Қаңтар

   

2

Ақпан

   

3

Наурыз

   

4

Сәуір

   

5

Мамыр

   

6

Маусым

   

7

Шілде

   

8

Тамыз

   

9

Қыркүйек

   

10

Қазан

   

11

Қараша

   

12

Желтоқсан

   
 

Барлығы

   
 

 

Энергия беруші (энергия өндіруші)                               Тұтынушы:

ұйым

_________________________                                        ______________________