Жаңалықтар

Жылу энергиясына тарифті жоғарылату бойынша көпшілік тыңдалу өтті

03 Қараша 2015, 10:05

      «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС сұранымы бойынша 2016-2020 жж. жылу энергиясымен жабдықтау бойынша тарифтің шекті деңгейін бекітуге байланысты 2015 жылдың 22 қазанында көпшілік тыңдалу өткізілді. Тыңдалуда ҚР ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Департаментінің (әрі қарай - Департамент) басшысының орынбасары Қозғанбаев К.Г., Қарағанды қаласының ардагер-энергетиктер кеңесінің төрағасы Литвинов В.И., сондай-ақ қала тұрғындары өз сұрақтарын қойып талқылауға белсенді қатысты.  

       Жылу энергиясымен жабдықтау тарифі 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін өзгермеген. 2011 жылдан 2015 жылға дейін жылумен жабдықтаудың соңғы тарифінің жоғарылауы жылу энергиясын сатып алу және оны жеткізуге тарифтің жоғарылауымен байланысты болған. Қазіргі кезде сұраным Департаментпен қарастырылуда, қарастырылу аяқталысымен қорытынды туралы бұқаралық ақпаратта хабарланатын болады.