Жаңалықтар

БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ

04 Қараша 2015, 09:42

     Қараша айында қарағандылықтар коммуналдық қызметтерді төлеуге түбіртектің жаңа үлгісін алады. Коммуналдық қызметтерді төлеу жеңіл, жылдам және арзан болатын болады. 

     2 қараша күні «ҚарағандыЖылуСбыт»ЖШС  және «Қарағанды Су» ЖШС коммуналдық қызмет жабдықтаушыларының қатысуымен түбіртектің жаңа үлгісі (Бірыңғай Төлем Құжаты (БТҚ)) туралы ақпарат берілген брифинг болды. Тұтынушылар коммуналдық ұйымның қызметтерін бір шот бойынша төлейтін болады. Сонымен бірге коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде уақыт және комиссия азаятын болады.

     Жаңа құжатқа қазіргі кезде пәтер иелері төлейтін келесі коммуналдық қызмет түрлері кірген: электр- жылу- суық сумен жабдықтау, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару ( «Ресайклинг» ЖШС), ПИК қызметтері. Қазіргі уақытта тізімде осы қызметтер түрі көрсетілген. Келешекте Бірыңғай Төлем  Құжатында кез-келген жабдықтаушыға қатысу мүмкін етіледі.

     Тұтынушы бірыңғай түбіртекті төлем киоскілерінде, банкоматтарда, интернет-банкинг арқылы төлей алады.

Қазақстанның көптеген қалаларында қызметтерді Бірыңғай Төлем Құжатымен төлейді (Астана, Алматы, Шымкент, Рудный, Степногорск). Көрсетілетін барлық қызметтер тізімі бар бір құжат алған ыңғайлы, барлығы үшін бір жерде төлем жасаған ыңғайлы.

      Жаңа Бірыңғай Төлем Құжатын енгізу туралы ұсыныс 2014 жылы төлем жасау тәртібін жеңілдету мақсатымен енгізілген. Бұл бағдарламалық өнімді жасаушы -  Коммуналдық Қызметтерді Бірыңғай Есептеу орталығы. Қызметтерді жабдықтаушы компаниялар мен коммуналдық қызметтерді Бірыңғай есептеу орталығы арасында дербес шот реквизиттерін өзгерту жайлы келісім жасалған.

     Коммуналдық кәсіпорындарға нақты уақыт тәртібінде деректермен алмасуды және әрдайым тұтынушылар туралы ақпараттарды жандандыруға мүмкін ететін дерекқор құрылған. Бұл «бір терезе» принципін жүзеге асыру болып табылады.

      Бірыңғай Төлем  Құжаты - жаңа түбіртегі - көп позицияларында алдыңғы түбіртекпен сәйкес келеді. Мұнда тұтыну көлемінде және ақшалай түрде барлық есептеулермен бірге, есептеуші құралдар көрсеткіштері және басқа да қажетті ақпараттар көрсетілген.

     Тұтынушылар коммуналдық қызметтерді алдыңғы түбіртекте көрсетілген дербес шоттары бойынша төлей алады. Бірақ бұл шара уақытша, 2015 жылдың аяғына дейін ғана мүмкін болады. Сондай-ақ, бұл тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған.

    «ҚарағандыЖылуСбыт»ЖШС және «Қарағанды Су» ЖШС абоненттік орталықтарында мамандар тұтынушылардың жаңа түбіртек бойынша төлеуге байланысты барлық сұрақтарына жауап беруге дайын және жедел телефон желісі жұмыс істейді: 98 00 00