Жаңалықтар

Жылу энергиясының жаңа тарифі бекітілді

08 Желтоксан 2015, 16:44

     Жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тарифтің шекті деңгейі бекітілді. Тариф 2016-2020жж. әрекет ететін болады. Қарағандылықтар жылумен жабдықтау қызметтеріне 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа тарифпен төлейтін болады.

      Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды  реттеу Қазақстан Республикасы Департамент Агенттігінің (24.11.2015 жылдың №324-ОД) бұйрығына сәйкес «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС тұтынушыларына  жылумен жабдықтау бойынша келесідей тарифтер бекітілді:

-жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне шекті деңгейін ұзақмерзімді кезеңге әрекетке енгізу 2016 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін  - соңғы тұтынушы үшін 3656,43 теңге құрады.

Сондай-ақ, тұтынушылар топтары бойынша:

-тұрғын халық – Гкал үшін ҚҚС-сыз 2914, 39 теңге

-басқа тұтынушылар –Гкал үшін ҚҚС-сыз 6499,10 теңге.

      2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылытылатын ауданның 1 шаршы метріне тұтынушылар үшін ҚҚС қоспағанда 110,98 теңге тарифі әрекет ететін болады.

      Жылу энергиясының есеп құралын қолданбайтын тұтынушылар үшін төлем қалай өзгеретінін түсіну үшін мысалдар келтірейік. Ауданы 34 ш.м. бір бөлмелі пәтер үшін төлем 213 теңгеге жоғарыласа, ауданы 50 ш.м. екі бөлмелі пәтер үшін төлем 314 теңгеге өседі.