Жаңалықтар

Электр энергиясының жаңа тарифі бекітілді

31 Желтоксан 2015, 14:38

       «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС реттелуші нарық субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының «табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 7-3  Заңының 2 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Департаментіне (әрі қарай - Департамент) электр энергиясының жеке өткізу қызметіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан баға жоғарылауы туралы хабарлама берді.

       Электрмен жабдықтау қызметіне бағаның өзгеруі келесі себептермен байланысты:

Электр энергиясын тасымалдауына  «ҚарағандыЖарық» ЖШС  желілері бойынша ҚҚС есептемегенде кВтсағ үшін  4,51-ден  5,35 теңгеге дейін,   «KEGOC» АҚ желілері бойынша  кВтсағ үшін ҚҚС есептемегенде 1,95-тен 2,080 теңгеге дейін,  «НК Қазақстан темір жолы»  АҚ желілері бойынша кВтсағ үшін ҚҚС есептемегенде 0,95-тен 1,638 теңгеге дейін тарифтердің жоғарылауы, және жабдықтау үстемесінің кВтсағ үшін ҚҚС есептемегенде 0,0025-тен  0,0033 теңгеге дейін электр энергиясының теңдестірілуі.

Көрсетілген себептер   «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС үшін орташа босату бағасын бүгінде қолданылатын ҚҚС есептемегенде 13,45 теңге/кВтс бағасымен салыстырғанда 0,76 теңгеге жоғарылатуға негіз болды.

      29.12.2015 ж. № 3-7/6438  уақытынан дәлелді қорытындыға сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС электрмен жабдықтауға орташа босату бағасы ҚҚС есептемегенде 14,21 теңге/кВтсағ құрайтын болады. Сондай-ақ, тұтынушылар топтары бойынша (ҚҚС есептемегенде) :

-тұрғын халық – 8,78 тг/кВтсағ;

-басқа тұтынушылар –20,35 тг/кВтсағ, соның ішінде:

0-ден 750 кВа дейін - 21,62 тг/кВтсағ;

- 750кВа жоғары– 18,05 тг/кВтсағ.

      Сіздер тарифтер туралы толығырақ мағлұматты тарифтер бөлімінен http://www.kzs.kz/ru/individual/tariff,    http://www.kzs.kz/ru/corporate/tariff таба аласыздар.