Жиі қойылатын сұрақтар

1. Сұрақ
Берешек жоқтығы туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Жауап

Бұл анықтаманы Ерубаева көшесі 44/2 үй мекен-жайы бойынша Абоненттік орталықтан ала аласыз. Берешек жоқтығы туралы анықтаманы тек барлық берешек төленгеннен кейін ғана алуға болады. Сізге келесі құжаттар тізімінің түпнұсқасы және көшірмесін алып келу қажет:

 

Электр энергиясы бойынша берешек жоқтығы туралы анықтаманы алу үшін құжаттар:

жеке куәлік;
- құқық растайтын құжаттар;
- халыққа қызмет көрсету орталығынан кадастр анықтамасы;
- халыққа қызмет көрсету орталығынан осы мекен-жай бойынша тіркелген барлық тұрғындарға мекен-жай туралы анықтамасы.

 

Жылу энергиясы бойынша берешек жоқтығы туралы анықтаманы алу үшін құжаттар:

жеке куәлік;
- құқық растайтын құжаттар;
- халыққа қызмет көрсету орталығынан кадастр анықтамасы;
- халыққа қызмет көрсету орталығынан осы мекен-жай бойынша тіркелген барлық тұрғындарға мекен-жай туралы анықтамасы;

- техникалық паспорт (пәтер жоспары).

2. Сұрақ
Жалпы үй қажеттіліктері дегеніміз не?
Жауап

Әрбір көппәтерлі үйге тұрмыстық ресурстардың белгілі бір мөлшері түседі, оның негізгі үлесін тұрғындар тұтынады, кейбір бөлігі үйге қызмет көрсетуге және жалпы үй мүлігін құраушысына (подъезд жарықтандыру, лифт шаруашылығы) жұмсалады.

Жалпы  үй қажеттіліктеріне есептеулер подъезд жарықтандыру және лифт шаруашылығына орнатылған  электр энергиясының есеп құралдары арқылы жүргізіледі. Жалпы үй қажеттіліктерінің есептеулері оның электрмен қамсыздандыру шартын орнату кезінде толтырылатын өтінішінде көрсетілген пәтерлер санына тең үлеске бөлінеді.

Шарт жауапты тұлға өтініш және барлық пәтер иелерінің үштен екі бөлігінің қолтаңбасы бар үй-жай ( пәтер) иелерінің жиналыс хаттамасын бергеннен кейін орнатылады           

3. Сұрақ
Құқық растайтын құжаттарға қандай құжаттар жатады?
Жауап

Тұлғада мүлік объектісінің пайда болуын куәландыратын құжаттарға келесі құжаттар жатады:

- сатып алу-сату шарты;

- айырбас шарты;

- сыйға тарту шарты;

- мұрагерлік құқық туралы шарт;

- тұрғын үй-жайды жекешелендіру туралы актілер (куәліктер);

- заңдық күшіне енген сот актілері.

4. Сұрақ
Мемлекеттік баж дегеніміз не?
Жауап

Егер Сіздің дебиторлық берешегіңіз болса мәжбүрлі төлету үшін «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС сотқа қуыным арызын дайындайды.  Қуыным арызын іске қабылдау үшін қуыным сомасынан 3% мемлекеттік баж төлемі қажет. Сот  «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС пайдасына шешім шығарса бұл сома тұтынушыдан компания есебіне қайтарылатын болады. Төлем «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС арнайы үлгісіндегі түбіртегі арқылы төленеді.

5. Сұрақ
Төлем төлеген кезде дербес шот нөмірі дұрыс көрсетілмесе немесе басқа мекен-жайға қателікпен төленген болса төлемді қайтару мүмкін бе?
Жауап

Түбіртекпен төлем төлеген кезде абай болыңыздар!

Сізге Лобода көшесі 35А үй мекен-жайы бойынша кеңсеге келесі құжаттар тізімін алып келу қажет:

- төленген түбіртек;

- жеке куәлік;

- өтініш.

Осыдан кейін қателікпен төленген дербес шоттан сіздің дербес шотыңызға ақша қайтарылатын болады. 

6. Сұрақ
Дербес шоттың жоқтығы туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Жауап

Бұл анықтаманы Ерубаева көшесі 44/2 үй мекен-жайы бойынша Абоненттік орталықтан ала аласыз. Сізге келесі құжаттар тізімін түпнұсқасы және көшірмесін алып келу қажет:

Анықтаманы алу үшін қажетті құжаттар:

- жеке куәлік;

- құқық растайтын құжаттар;

- халыққа қызмет көрсету орталығынан осы мекен-жай бойынша тіркелген барлық тұрғындарға мекен-жай туралы анықтамасы;

- жер учаскесі актісі (жеке меншік секторы үшін).

7. Сұрақ
Егер пәтер ауданы өзгерген болса қайда бару қажет?
Жауап

Тұрғын үй-жайға есептеу сол өзгерген тұрғын үй-жай ауданынан жүргізілуі үшін Сізге Ерубаева  көшесі 44/2 үй мекен-жайы бойынша Абоненттік орталыққа келу қажет. Сізге тұрғын үй-жай ауданының өзгергенін растайтын құжатты алып келу қажет (техникалық паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі (пәтер жоспары)).

8. Сұрақ
Пәтерде (үйде) тұратын адамдар санын қалай өзгертуге болады?
Жауап

Пәтерде (үйде) тұратын адамдар санын өзгерту үшін Сізге Ерубаева көшесі 44/2 үй мекен-жайы бойынша Абоненттік орталыққа келу қажет. Сізге халыққа қызмет көрсету орталығынан осы мекен-жай бойынша тіркелген барлық тұрғындарға мекен-жай туралы анықтамасын алып келу қажет.

9. Сұрақ
Құжаттарды қалай өз атына қайта ресімдеуге болады?
Жауап

Егер Сіз пәтер (үй) иеленсеңіз және оны өз атыңызға қайта ресімдегіңіз келсе, Сізге Ерубаева көшесі 44/2 үй мекен-жайы бойынша Абоненттік орталыққа келу қажет.

Өзіңізбен бірге келесі құжаттар тізімі болуы қажет:

- жеке куәлік;
- халыққа қызмет көрсету орталығынан кадастр анықтамасы;
- халыққа қызмет көрсету орталығынан осы мекен-жай бойынша тіркелген барлық тұрғындарға мекен-жай туралы анықтамасы;
- құқық растайтын құжаттар;
- техникалық паспорт (пәтер жоспары).

10. Сұрақ
Қандай азаматтар категориясына жеңілдіктер көрсетіледі?
Жауап

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС  жеңілдіктері:

Ұлы Отан Соғысы қатысушыларына;
Зейнеткер жасындағы жалғыз тұрушыларға көрсетіледі. Электр энергиясының ұлғайтылған тұтыну мөлшері келесі құжаттарды көрсеткен жағдайда қолданылатын болады:

- жазбаша өтініш;
- жеке куәлік (көшірме);
- зейнеткер жасындағы жеке зейнеткерлік куәлік;
- тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат, халыққа қызмет көрсету орталығынан осы мекен-жай бойынша тіркелгендігі жөнінде мекен-жай туралы анықтамасы;
- тұратын жері бойынша пәтердің құқық растайтын құжаттары (көшірме);
- халыққа қызмет көрсету орталығынан «Жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы» түріндегі анықтамасы;

 

Электр энергиясын тұтыну мөлшері және тарифтер туралы мағлұмат