Компания туралы

   «ҚарағандыЖылуСбыт»  ЖШС энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын сатып алу бойынша қызметін 01.07.2009ж. №000395 Мемлекеттік лицензиясы негізінде  жүзеге асырады және 21.08.2007ж.  №13-3/1238  «Сәйкес тауар нарығында доминанттық (монополиялық) орынға ие болушы нарық субъектісінің Мемлекеттік реестріне енгізілгені туралы » Хабарландыруына сәйкес, Қарағанды қаласын электрмен жабдықтау бойынша, сонымен қатар, 06.11.2013ж. «Қарағанды облысының монополияға қарсы инспекциясы» ММ  №19-01-06/1823 «Доминанттық (монополиялық) орынға ие нарық субъектісінің Мемлекеттік реестрінің бекітілгені туралы » хатына сәйкес, Саран қаласын электрмен жабдықтау бойынша доминанттық (монополиялық) орынға ие.

       «ҚарағандыЖылуСбыт»  ЖШС  жылу энергиясымен жабдықтау сферасында Қарағанды облысының қызмет түрі бойынша (жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет) 07.08.2007ж. №1869/2 табиғи монополия субъектісінің Мемлекеттік реестрінің жергілікті бөліміне енгізілгені туралы Хабарландыруына сәйкес, табиғи монополия субъектісі болып табылады.

Қарағанды нарығында 19 жыл бойы жылу және электр энергиясын өткізу бойынша жұмыс істеу нәтижесінде келесі жұмыс бағыттарында жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік алды:      

«Қарағанды ЖылуСбыт» ЖШС ұжымы қызмет көрсету мәдениетін жақсартуда үнемі жұмыс жасауда. Мысалы, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік туғызатын әр түрлі жобалар енгізіліп жатыр:

  1. телімдерде халықтан төлемдерді қабылдау бойынша  кассалардың ашылуы, бұл халықтан төлемдерді қабылдау бойынша банктік комиссия сомасының төмендеуіне мүмкіндік  берді.           .
  2. электр-, Жылу-, сумен жабдықтау және Алма-ТВ  шоттарын біріктіретін бірыңғай түбіртек жүйесін енгізу.  Бұл қадам маңызды әлеуметтік мағынаға ие, өйткені тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетуде қолайлылық тудырады, сондай -ақ «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС  базасында халыққа көрсетілетін коммуналдық қызмет және басқа қызмет көрсету бойынша қалалық биллингтік жүйесін құруға түрткі  болды.
  3. аймақта  энергия  қорының  нарықта шиеленіскен тапшылық кезеңінің пайда болуына қарамастан қызмет көрсетілетін тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз етуі. Бұл  факт «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС имиджін  облыстағы сенімді ЭЖҰ  және кепілді жабдықтаушы ретінде растайды.

​        2014 жылдың мамыр айынан бастап тұтынушылар ыңғайлылығы үшін Есеп айырысу сервис орталығы ашылып, қызмет көрсетуде. Бұл орталықта «Бірыңғай есеп айырысу орталығы», Алма-ТВ, «ГорКомТранс» ЖШС кассалары орналасқан және коммуналдық қызмет және байланыс төлемдерін жасауға болатын терминалдар орнатылған. Тұтынушылар ыңғайлылығы үшін электрондық кезек жүйесі енгізілген. Абоненттік орталықта және анықтама-ақпараттық телімдерде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын жеткізу, су және ағын су бұру мәселелері бойынша барлық сұрақтар бойынша тиімді қызмет көрсетіледі. Тұтынушылар уақытын үнемдеу және оперативті жұмыс жасау үшін  www.kzs.kz ресми сайты құрылған. Ресми сайттағы жеке кабинетте тіркеле отырып, шоттың ағынды жағдайы туралы қажетті ақпарат алуға, жаңалықтармен танысуға, түбіртек басып шығаруға және сұрақтар қоюға болады.

       Сонымен бірге, 2015 жылдың қараша айында коммуналдық қызметті төлеу үшін түбіртектің жаңа үлгісі  - Бірыңғай Төлем Құжаты жаңадан енгізілді (БТҚ). Бұл құжатқа бүгінгі күнде пәтерлер иелері төлейтін коммуналдық қызметтер енгізілген: электр, жылу және сумен жабдықтау, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, ПИК қызметтері. Келешекте Бірыңғай Төлем Құжатына қосылуға кез келген жабдықтаушыға мүмкін етіледі.

      Бірыңғай Төлем Құжаты бойынша Қазақстанның көптеген қалаларында (Астана, Алматы, Шымкент) қызметтер төленеді. Көрсетілетін қызметтердің барлығы көрсетілген бір құжат алған ыңғайлы, барлық қызметтерге бір жерде төлем жасаған ыңғайлы. Коммуналдық кәсіпорындарға қазіргі уақыт режимінде ақпараттармен алмасуға және тұтынушылар туралы ақпараттарды өзектендіруге мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттар базасы құрылған. Бұл «бір терезе» принципін жүзеге асыру болып табылады. Тұтынушы төлем киоскілерінде, банкоматтарда және интернет-банкинг арқылы төлей алатын бірыңғай түбіртек алады.