Жаңалықтар

Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына!

28 Сәуір 2014, 14:23

 

«Қазақстан Республикасының электр станциялары мен желісінің техникалық эксплуатациясы ережесі» бойынша 30 сәуірден бастап «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жылу желілерінде құбырларға гидравликалық тығыздық пен механикалық төзімділікке қысымды 16 кг/см2 жоғарылату арқылы сынақ жүргуді  Пришахтинскте, Сортировкада, Майқұдұқта (11, 11А, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-микрорайондары,  11 квартал, Архитектурная, Гвардейская, Белинский, Лихачев, Магнитогорская көшелері, Чапаев көшесі бойынша магистралдық желілері) бастайды.

2014 жылдың 11 мамырынан бастап «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС Қарағанды қаласының : 1,2 квартал, Восток-1,2,3,5,  Карл Маркс көшесі, Голубые пруды,Оңт-Шығыс, Федоровка, Жаңа қала аудандарында жылу жүйелеріне сынақ жүргізетін болады.

Сынаққа дайындық және оның жүргізілуі кезінде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылатын болады.

Барлық тұтынушыларға жылу қолданудың бұзылу жүйесін болдырмау үшін жылу пунктерін, жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін берілуші және кері қайтаратын құбырларды сынақ аяқталғанша шекараны бөлу актісіне сәйкес  бітеуіш орнату арқылы ағытып қою қажет.

Сынақтың аяқталу уақыты бұқаралық ақпаратта жарияланатын болады.

Сынақ аяқталғаннан кейін қала бойынша ыстық судың қосылуы кезең-кезеңмен болады, ол туралы қосымша хабар беріледі.

Барлық тұтынушылардан уақытша келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!