Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына!
Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жөндеу кезінде жоюға жататын ақауларды табу үшін, «Жылу энергиясын тасымалдау және тарату жүйелерін техникалық пайдалану Типтік нұсқаулығына» сәйкес 10.9.24т., «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу желілерінде құбырларға сынақ жүргізетін болады.
27 сәуірден бастап «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу желілерінде құбырларға гидравликалық тығыздық пен механикалық төзімділікке қысымды 16 кг/см2 жоғарылату арқылы Пришахтинск, Сортировка, Майқұдық ( 11, 11А,12,13,14,15,16,17,18,19 шағын аудандары, Квартал-11, Архитектурная, Гвардейская, Белинский, Лихачев, Магнитогорская көшелері, Чапаев көшесі бойынша магистральдық желі) жылу желілерінде сынақ жүргізетін болады.
Бұдан әрі 12 мамырдан бастап 2017ж. "Теплотранзит Караганда" ЖШС Қарағанды қ.: квартал-1,2, Восток-1,2,3,5, Карл Маркс к-сі, Голубые пруды, Оңтүстік-Шығыс, Федоровка, Жаңа қала аудандары жылу желілерінде сынақ жүргізетін болады.
Дайындау және сынақ өткізу кезінде ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.
Сынақтың аяқталу күні және ыстық судың қайта берілу күні қосымша хабарланатын болады және бұқаралық ақпарат арқылы жарияланады.
Барлық тұтынушылардан уақытша келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!