Жаңалықтар

"ҚарағандыЖылуСбыт" энергиямен жабдықтаушы компаниясына - 10 жыл!

01 Тамыз 2017, 17:01

   Биылғы жылы "Қазақстан коммуналдық жүйесі" Тобына кіретін "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС өзінің он жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде барлық қарағандылықтар білетін осы кәсіпорын айтарлықтай даму жолынан өтті және бүгінгі күні "ҚарағандыЖылуСбыт" Қарағанды өңірінің ірі энергиямен жабдықтаушы компаниясы болып табылады.

   «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС даму тарихы 1997 жылдан, өткізу және төлемдерді жинау   қызметі «Қарағанды Жылу» ЖШС  құрылымдық бөлімшесі  болған кезден басталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, электрэнергетика саласында 2007 жылдың 1 тамызынан бастап «Қарағанды Жылу» ЖШС өткізу және төлемдерді жинау Департаменті базасының негізінде тұтынушыларды электр, жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз ету бойынша қызметті өздігінен жүзеге асыратын энергияны жабдықтаушы  -  «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС құрылды.  Бұл шешім тұтынушыларға оң әсер етті, себебі абоненттерге қызмет көрсету сапасын және сервисті жақсартуға бағдарланған жеке ұйым  пайда болды.

   Бүгінгі күні компания тұтынушылардың арасында лайықты сенімге ие. "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС кәсіпорынның барлық ішкі процестері халыққа одан әрі тиімді қызмет көрсетуге бағытталғанын атап өтеді. Өткізу - бұл функциялардың жүйелі интеграциясымен анықталатын күрделі процесс. Ол тұтынылған энергия ресурстары санын уақтылы және қажетті көлемде есептеуді жүргізу қажеттілігін, көлемі туралы ақпаратты тұтынушыларға дейін дұрыс жеткізу, жеткізілген коммуналдық қызметтер үшін ақы қабылдауды көздейді. Процесті тек сапалы үздіксіз қамтамасыз ету барлық энергия жүйесіне жалпы тиісті деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

   «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС басым принциптері болып келесілер табылады:

  • жылу – және электр энергиясын жабдықтауды тұрақты қамтамасыз ету;
  • тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету;
  • тұтынушыларға көрсетілген қызмет үшін төлемдерді жинауын қамтамасыз ету;
  • өткізу нарығын кеңейту;
  • тұтынушыларға қызмет көрсету барысында ақпараттық технологиялардың жетістіктерін  қолдану (банкомат, интернет-банкинг, терминалдар арқылы төлемдерді қабылдау);
  • кәсіпорынның басқарушы қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі біліктілігі;
  • ұзақ мерзімді  және сенімді энергия қорын жеткізушілердің болуы;
  • басқа бағдарлама өнімдерімен байланыста болу мүмкіндігімен бірігей бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы;
  • тұтынушылардың ең кең және сенімді ақпараттық базасының болуы;
  • тұтынудың  ірі көлемі салдарынан арзан энергия қорын сатып алу мүмкіндігі;
  • тұтынушылардың алдында жақсы атаққа ие болу.

   Компания өз тұтынушыларының жайлылығы туралы ойлайды және жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін үнемі тиімді шаралар қолданады, мысалы, компания бөлімшелерінде халықтан төлемдерді комиссиясыз қабылдау бойынша кассалық пункттерді ашу. Бұл, сондай-ақ, тұтынушылық онлайн сервисті енгізу. "Жеке кабинет", шот-түбіртектерді электронды пошта арқылы жіберу, тұтынушыларды төлемдер туралы СМС-хабарлау және тағы басқалар мысалдар бола алады.

   2014 жылдың мамыр айынан бастап тұтынушылар ыңғайлылығы үшін жаңа Сервистік Орталығы ашылып, қызмет көрсетуде. Бұл орталықта «Бірыңғай есеп айырысу орталығы», `АлмаТел Казахстан` АҚ, «ГорКомТранс» ЖШС кассалары орналасқан және коммуналдық қызмет, «Қазақтелеком» АҚ қызметтері мен байланыс төлемдерін жасауға болатын терминалдар орнатылған. Тұтынушылар ыңғайлылығы үшін электрондық кезек жүйесі енгізілген. Абоненттік орталықта және «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС барлық төрт бөлімшесінде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын жеткізу және төлемдерді қабылдау бойынша барлық сұрақтар бойынша тиімді қызмет көрсетіледі. Тұтынушылар уақытын үнемдеу және оперативті жұмыс жасау үшін «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС  www.kzs.kz ресми сайты жұмыс істейді, ресми сайтта тұтынушылар «Жеке кабинетте» тіркеле отырып, бірқатар функцияларды дербес жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады: бірыңғай төлем құжатын басып шығару, шоттың ағынды жағдайы туралы қажетті ақпарат алу және энергия өткізу жайлы жаңалықтармен танысу. Сайтта сонымен бірге сұрақтар қоюға және оларға қысқа мерзімде жауаптар алуға болады.

   Өткен онжылдықта келесі маңызды жаңалығы ол - 2015ж. қарашасынан бастап коммуналдық қызметтерді төлеуге ұсынылған Бірыңғай Төлем Құжаты (БТҚ) енгізілуі болды. Бұл тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің барлық түрлері: жылу-, электр-, ыстық және суық сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, ПИК қызмет көрсету және «АлмаТел Казахстан» АҚ теледидар қызметтері провайдері енгізілген жаңа үлгідегі түбіртек болып табылады. Барлық қызметтер бір мезгілде және тиісті шоттарда қойылған бір ғана түбіртек алып, бір жерде төлеу  - бұл тұтынушы үшін әлдеқайда ыңғайлы.

   2016 жылдың соңында "ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясы қарағандылықтар үшін үйішілік желілердің, сондай-ақ  суық сумен жабдықтау және су бұру жүйесін кәсіби пайдалануға берілуін қарастыратын үйішілік инженерлік желілерге қызмет көрсету (ҮИЖҚК) бойынша жаңа қызмет енгізілгені туралы жариялады. Жаңа сервис пәтер мен үй желілерінің кешенді жөндеуін және олардың ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсетуін қамтиды. "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС осы қызмет бағытын компания үйішілік инженерлік желілерін өз қызмет көрсетуіне алған көпқабатты үйлердің тұрғындары оң бағалады.

   10 жылдық тиімді жұмыс "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС өз тұтынушыларын үздіксіз сенімді және сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ететінін көрсетті. Бұл факт сенімді энергиямен жабдықтаушы ұйым және жауапты жеткізуші ретінде облыста қазірдің өзінде қалыптасқан компанияның оң имиджін қолдау және оны одан әрі жылжыту үшін маңызды аспект болып табылады. Осылайша, компанияның одан әрі тиімді дамуы Қарағанды өңіріндегі энергияның бөлшек сауда нарығы тұрақтылығының маңызды факторы болып табылады.