Жаңалықтар

Ашық тендер өткізу жайлы

23 Қазан 2017, 11:13

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС  «Қаржылық жағдай туралы 31.12.2017 ж. бойынша есеп және жиынтық табыс туралы тиісті есептердің, капиталдағы өзгерістер туралы және ақша қаражатының қозғалысы туралы, сондай-ақ 31.12.2017 ж. аяқталған бір жылдағы өзге де түсіндірмелердің есеп саясатының негізгі қағидаларының қысқаша баяндауының аудиті» сатып алу бойынша ашық тендерінің жүргізілуі туралы хабарлайды:

Қызметтің көрсетілу орны: «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС, Қарағанды қ.,  Лобода 35а к-сі.

Қызметтің орындалу мерзімі:  2017 ж. желтоқсан  – 2018 сәуір айлары.

Тендерге қатысуға тариф (баға, жинақ мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейі және реттелуші қызметтерге тарифті смета бекітілген жағдайда шығындар есептелінетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 20 қаңтарынан №18 қаулысымен бекітілген табиғи монополия субъектілерімен тауар, қызмет және қызмет көрсетуді сатып алу ережесінің 7 пунктте көрсетілген квалификациялық талаптарға жауап беретін барлық потенциалды жабдықтаушылар жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін келесі мекенжай бойынша алуға болады: Қарағанды қ., Лобода 35а к-сі, 209 кабинет.  Тендерлік құжаттама ақысыз ұсынылады.Тендерлік құжаттаманы алудың ақтық мерзімі: 

-2017 ж. «15» қараша сағат 12-00 дейін.

Тендерге қатысатын конвертке салынған тендерлік сұранымды «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС потенциалды жабдықтаушылары келесі мекенжай бойынша ұсынады: Қарағанды қ.,  Лобода 35а к-сі, №209 кабинет.

Тендерге қатысуға сұранымды ұсынудың ақтық мерзімі: 

-2017ж. «16» қараша сағат 10-00 дейін.

 Тендерге қатысатын сұраным конверттері Қарағанды қ-сы,  Лобода 35а к-сі, 209 кабинет мекенжайы бойынша 2017ж. «16» қарашада сағат 12-00-де тендерді жүргізуші комиссиясымен ашылатын болады. Сатып алуды жүзеге асыру сомасы – 8 000 000 (сегіз миллион) теңге ҚҚС есептемегенде.

 Потенциалды жабдықтаушылар және олардың өкілдері (бірінші басшының қолымен және мөрімен куәландырылған сенімхат бере отырып) тендерге қатысу сұраным конверттерін ашқан кезде қатыса алады.

Табиғи монополия субъектісі қызмет көрсетуінің (тауар, қызмет) тұтынушылары «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС өткізетін (тауар, қызмет)  сатып алу бойынша тендерге бақылаушы ретінде қатысуға құқылы.          

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7212) 98-00-36, 98-00-37 телефондары арқылы алуыңызға болады.