Жаңалықтар

Энергиямен жабдықтау I және II сенімділік дәрежедегі тұтынушылар назарына!!!

10 Шілде 2014, 16:43

         «Электр энергетикасы туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 21 б., 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 «Апаттық  броньдары  бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау ережелері және шарттарымен»,  2012 жылғы 10 тамыздағы № 1039  «Энергиямен жабдықтаудың  апаттық және технологиялық бронь актісін жасау бойынша нұсқауымен» бекітілген талаптарды орындау үшін, сонымен қатар тіршілікке қажет маңызды объектілерді электрмен үздіксіз жабдықтау мақсатында (ОЭҮЖ- объектілерді электрмен үздіксіз жабдықтау), оларға электр энергиясын беруді тоқтату рұқсат етілмейді, энергиямен жабдықтау I және II сенімділік дәрежедегі тұтынушыларға  «Апаттық және технологиялық бронь актісін» заңмен белгіленген тәртіпте рәсімдеу қажет.