«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС электр қуатын беру компаниясынан алынған хат негізінде, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС келесіні хабарлайды:
« Қарағанды облысында Жылыту маусымын жүргізу және дайындау ережелерінің» орындалуы бойынша, жылыту маусымының аяқталуынан кейін «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС есептелген температураға сынақ жүргізеді, сынақ кезеңінде жазатайым оқиғалардан және жеке мүліктің бүлінуінен сақтану үшін тиым салынады: жылу желілері құбырларының жанында азаматтар мен көлік құралдарының болуына.
2019 жылдың 02 мамырынан бастап «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС Пришахтинск, Сортировка, Майқұдық (11, 11а, 12, 13, 14, 15, 15, 17 шағын аудандарында) жылу желілерінде 16 кг/см2-қа дейін қысымды арттыру арқылы құбырлардың гидравикалық тығыздығы мен механикалық беріктігіне сынақ жүргізеді.
2019 жылдың 13 мамырынан бастап «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС Қарағанды қаласының келесі аудандарында жылу жүйелеріне сынақ жүргізеді: 18-19 Шағын аудандар, 11 – Квартал, Архитектурная, Гвардейская, Белинский, Лихачева, Магнитогорская, көшелерінде, Чапаев көшесі бойынша магистральдық жүйе, 1,2 Квартал, Восток - 1,2,3,5, Карл Маркс көшесі, Голубые пруды, Оңтүстік-Шығыс, Федоровка, Жаңа қала.
Сынақты жүргізу және дайындау кезінде ыстық су беру тоқтатылады.
Жылу тұтыну жүйелерін жоюдан сақтау үшін барлық тұтынушыларға сынақтың барлық кезеңдерінде шекараларды бөлу актілерне сәйкес жылу желілерін, жылу бөлімдерін, бітеуіш орнатылған беретін және кері құбырлар бойынша жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін сенімді түрде өшіру қажет.
Сонымен бірге ескертеміз: жазатайым оқиғалардан және жеке мүліктің бүлінуінен сақтану үшін тиым салынады: жылу желілері құбырларының жанында азаматтар мен көлік құралдарының болуына.
Сынақты аяқтау мерзімі БАҚ-да және «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС сайтында (www.teplotranzit.kz) хабарланады.
Сынақ жүргізілгеннен кейін жылу жүйелерінде ағымдық жөндеу жұмыстары және магистральдық жылу жүйелернің реконструкциясы жүргізіледі, ыстық су беру жылыту кезеңінің басталуына дейін 01.10.2019ж тоқтатылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін тұтынушылардан кешірім сұраймыз.