Жаңалықтар

Бірінші жарты жылдық бойынша есеп беру

28 Маусым 2021, 11:38

Қарағанды қ., Лобода көш., 35а құрылысы мекенжайында орналасқан «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС бекітілген тарифтік сметаны орындау туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы, реттелмелі қызметтің сапасы мен сенімділік көрсеткішін сақтау, жылу энергиясымен қамамасыз ету қызметін ұсыну бойынша Серіктестік қызметінің тиімділігі көрсеткішіне қол жеткізу туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында 2021 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша есеп беру өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдесіндегі № 17-ө «Қарағанды облысындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» қаулысының 3.3 т. сәйкес 2021ж. 23 шілдедегі өзгерістермен, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызметкерлердің жеке қатысуымен жиналыстар өткізуге тыйым салынады. 

Осыған байланысты, есеп беру 2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 11.00 -де, Facebook (https://www.facebook.com/karzhylusbyt/) әлеуметтік желі құралы арқылы онлайн режимінде өткізіледі.