Жаңалықтар

Бізге 1 жыл!

29 Мая 2015, 17:47

         Міне, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС Ерубаева көшесі 44/2 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Бірыңғай Есептесу Орталығының ашылуы кезінен 1 жыл өте шықты! Біз сізге өзіңізге қажетті барлық ақпаратты ала алатын және тұрмыстық қызметті төлей алатын еркін және эргономикалық залда қызмет көрсете алатынымызға қуаныштымыз!

        Біз сондай-ақ біздің әріптестерімізге -«ҚарағандыСу» ЖШС, ГорКомТранс, АлмаТВ біздің ұсынысымызға жауап беріп, біздің  залымызға өз операторларын орналастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз және ол біздің қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы екенін атап өткен жөн!

        Сонымен бірге, біздің қызмет көрсетуімізге қатысты ақпараттармен таныса алатын және сұрақ қоюға болатын www.kzs.kz біздің сайтымыз сіздер үшін қызмет көрсететінін естеріңізге саламыз және қойылған сұрақтарға міндетті түрде жауап береміз.

        Біз Сіздерді Ерубаева көшесі, 44/2 үй мекен-жайы бойынша жұмыс күндері 09.00 – 18.00 дейін, сенбі күні 09.00 -13.00 дейін күтеміз. Жексенбі – демалыс.

        Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді жаз басталуымен құттықтаймыз! Жаздарыңыз ұмытылмас бақыт, жылылық, қуаныш әкелсін!