Жаңалықтар

2015 жылдың 25 маусымынан бастап электрмен жабдықтау бойынша қызметке бағаның өзгеруі туралы

26 Маусым 2015, 17:31

        «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС «Табиғи монополия және реттелетін нарықтар туралы» заңының 7-2 бабының 3 пунктіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Департаментіне 2015 жылдың 25 маусымынан бастап электрмен жабдықтау бойынша қызметке баға өзгеруі туралы оны растайтын құжаттармен сәйкес хабарландыру бағыттады.

        Электрмен жабдықтау бойынша қызметке баға өзгеруі келесі себептермен байланысты:

  1. 2015 жылы тұтынушыларға өткізу көлемі 43,08 млн.кВтсағ төмендеуі, немесе заңды тұлғалармен көлемнің 4,1%-ға төмендеуі.
  2. Электр энергиясын өткізудің жалпы көлемінің төмендеуі оның сатып алу құрылымында өзгерістерге алып келді – сатып алу көлемінің азаюы  «KEGOC» АҚ желілерімен тасымалдауға міндетті түрде қосымша шығынды талап ететін Екібастұз ГРЭС-1 түріндегі сыртқы түпнегізден қымбаттырақ электр энергиясын сатып алу 38%-ға төмендеуіне байланысты болды.
  3. Өткізу көлемінің төмендеуі құрылымының өзгеруімен тұтынушылар топтары арасында – тұрғын үлесінің жоғарылауымен және заңды тұлғалар үлесінің азаюмен көрінді, нәтижесінде тұтынушылар құрылымы бұзылды және электр энергиясын өткізудің оның шығындарымен салыстырғанда жалпы орташа бағасы төмендеді, сондықтан осы теңгерімсіздікті жою мақсатымен бағаны саралауды қарастыру талап етіледі.

          Көрсетілген себептер «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС үшін электрмен жабдықтауға орташа босату бағасын бүгінгі күнге қолданылатын ҚҚС есептемегенде 13,57 теңге/кВтсағ тең бағамен салыстырғанда  0,12 теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді.

          23.06.2015 ж. № 3-7/2456  уақытынан дәлелді қорытындыға сәйкес, 2015 жылдың 25 маусымынан бастап «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС электрмен жабдықтауға орташа босату бағасы ҚҚС есептемегенде 13,45 теңге/кВтсағ құрайтын болады.

Сіздер тарифтер туралы толығырақ мағлұматты «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС ресми сайтының тарифтер бөлімінен таба аласыздар.