Жаңалықтар

Коммуналдық қызметті КОМИССИЯСЫЗ онлайн төлеу

03 Шілде 2015, 12:48

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС абоненттерінің назарына!

          «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС қазіргі уақытта Сіздің коммуналдық қызметті kaspi.kz сайты арқылы КОМИССИЯСЫЗ төлеу мүмкіндігіне ие болғаныңызды хабарлайды!

          Сіз келесі ұйымдар қызметтеріне онлайн төлем жасай аласыз:  

-  «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС (электр энергиясы, жылу және ыстық су);

-  «ҚарағандыСу» ЖШС (су);

-  «Қазақтелеком» АҚ;

-  «AlemGaz» ЖШС;

-  «ГорКомТранс» ЖШС (қоқыс шығару);

- «КоммунСбыт» ЖШС ( ПИК қызмет көрсету, қоқыс шығару, домофон);

-  «МОДУС KZ» ЖШС (домофон);

-  «РСЦ» ЖШС (Шахтинск қ-сы, Абай қ-сы, Бұқар-Жырау ауданы, Абай ауданы)

     Төлемді, сонымен қатар, басқа банктердің төлем карточкалары арқылы төлеуге болады.

      Қажет іс-әрекет:

      1. Аймақты таңдау (жоғарғы оң бұрышында);

      2. kaspi.kz тіркелу (тіркелу тәртібі оңай: телефон нөмірін көрсету қажет).

      Жоғарыда аталған қызметтерге kaspi.kz сайтында төлем карточкасы, kaspi депозиті  немесе әмиәны арқылы төлем жасаған кезде төлем сомасынан 1% мөлшерінде БОНУСТАР қарастырылған.

      Жиналған БОНУСТАРДЫ бірден kaspi.kz сайтында қызметтерге төлем жасауға жұмсауыңызға болады: 1 бонус – 1 теңге.