Жаңалықтар

2015 жылдың 8 шілдесінде ауыз судың берілуі тоқтатылады

03 Шілде 2015, 17:04

       2015 жылдың 8 шілдесінде «Қарағанды Жарық» ЖШС темір бетонды тіректі ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізетін болады. Осыған байланысты  «Қарағанды Су» ЖШС су жүргізетін сорғы станцияларында электрмен жабдықтау тоқтатылатын болады. Су жүргізетін сорғы станциялары электрмен жабдықтаусыз жұмыс істей алмайды.

       2015 жылдың 8 шілдесінде «Қарағанды Жарық» ЖШС су жүргізетін сорғы станцияларында электр энергиясының ажыратылуымен байланысты келесі тұтынушыларға ауыз судың берілуі тоқтатылатын болады: Оңтүстік-Шығыс, Жаңа қала, Михайловка, Восток 1,2,3,5, Көгілдір тоған шағын аудандары, Майқұдық жоғарғы қабаттары (5-9), Ақтас кенті.

     «Қарағанды Жарық» ЖШС электрмен жабдықтау желілерінде жұмыстар аяқталысымен 2015 жылдың 8 шілдесінде сағат 20.00 кейін «Қарағанды Су» ЖШС су жүргізетін сорғы станцияларында сорғы жүйесін жіберуді бастау, магистральды су таратқышты және ішкі кварталды үлестіргіш су жүргізетін желілерді толтыру, желілерде гидравликалық тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары жасалынады. Бұл жұмыстар 10-12 сағат уақытты алады.

      Көрсетілген жұмыстар аяқталысымен Қарағанды қаласының (Оңтүстік-Шығыс, Жаңа қала, Михайловка, Майқұдық, Ақтас кенті) су жүргізу желілерінде профилактикалық залалсыздандыру жүргізілетін болады. Су хлор мөлшері ұлғайтылған түрде қысыммен берілетін болады.

      2015 жылдың 9 шілдесінде уланудан аман болу үшін, суды тағам дайындау және ішуге пайдаланбауларыңызды сұраймыз.

      Қарағанды қаласының жоғарыда көрсетілген аудан тұрғындарына ауыз судың 2 күндік қорын, Ақтас кентінің тұрғындарына 3 күндік қорын сақтауға ұсынамыз.

Уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!