Жаңалықтар

2015 жылдың 8 қыркүйегінде суық су тоқтатылады

04 Қыркүйек 2015, 12:42

          2015 жылдың жаз уақытында «ҚарағандыСу» ЖШС   «ҚазМұнайГаз»  ЖҚС маңайында ( Көгілдір тоғандар ш/а және Жаңа қала арасында) 400 м көлеміндегі жерде диаметрі 800мм №22 магистралды су таратқыш телімінде құрылыс жүргізді. №22 магистралды су таратқыш Жаңа қала, Михайловка және Ақтас кентінің тұтынушыларына сумен жабдықтауды жүзеге асырады.

         2015 жылдың 8 қыркүйегінде магистралды су таратқыштың жаңа телімі іске қосылатын болады. Осыған байланысты, Жаңа қала, Михайловка және Ақтас кентінің тұтынушыларына ауыз суының берілуі тоқтатылатын болады. Жұмыстың аяқталуымен су жүргізу жүйесіне залалсыздандыру жүргізілетін болады. Қарағанды қаласы және Ақтас кентінің тұтынушыларына ауыз судың бір күндік қорын сақтауға ұсынамыз.

Уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!