Қазақстан Республикасы "Жылу энергетикасы туралы" Заңының қабылдануына байланысты, 6-тарау 25-бабының 3-тармағына сәйкес, тұтынушыларға жылу энергиясын өткізуді жылу тасымалдаушы субъектілер жүзеге асыратын болады, сондай-ақ Шарттың 11-тарауы 41-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 08 қыркүйектен бастап "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС жоғарыда аталған Шарттың бұзылуы туралы Қарағанды қаласының тұтынушыларын хабардар етеді.
Сонымен қатар, Шарттың 5-тарауы 6-тармақшасының 18-тармағына сәйкес: "Тұтынушы: есептеулерді салыстырып тексеруге және өнім беруші жылу энергиясымен жабдықтау бойынша нақты көрсеткен қызметтер үшін қарызды өтеуге міндетті ".
Осыған байланысты жылу энергиясы және ыстық сумен жабдықтау бойынша берешегі бар тұтынушылар осы берешекті өтеуі қажет. Өтелмеген жағдайда, "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС нотариаттық немесе сот тәртібімен өндіріп алу құқығын өзіне қалдырады.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына мекенжайларға жүгіне аласыз:
Орталық учаскесі - Қарағанды қ., Лобода көшесі, 35а, 123 каб., тел.: 98-00-05, 98-00-71
Оңтүстік-Шығыс учаскесі - Қарағанды қ., Степной 3 ш/а., 3 үй, тел.: 98-00-07, 98-00-72, 98-00-73
Майқұдық учаскесі - Қарағанды қ., Архитектурная к-сі, 40 үй, тел.: 98-00-06, 98-00-75
Пришахтинск учаскесі - Қарағанды қ., Зелинский к-сі, 24/1 үй, тел.: 98-00-08, 98-00-78