Жаңалықтар

Тұрмыстық емес тұтынушыларды жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты бұзу туралы хабарлама

08 Тамыз 2024, 13:10

Қазақстан Республикасы "Жылу энергетикасы туралы" Заңының қабылдануына байланысты, 6-тарауы 25-бабының 3-тармағына сәйкес тұтынушыларға жылу энергиясын өткізуді жылу тасымалдаушы субъектілер жүзеге асыратын болады, сондай-ақ Шарттың 11-тарауы  41-тармағына сәйкес 2024 жылғы 08 қыркүйектен бастап "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС жоғарыда аталған шартты бұзу туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, салыстыру актісіне және шартты бұзу туралы келісімге қол қою үшін уәкілетті өкілді Қарағанды қ., Лобода к-сі, 35а., 100 каб. жіберу қажет.

Сонымен қатар, Шарттың 5-тарауы 6-тармақшасының 18-тармағына сәйкес: "Тұтынушы: есептеулерді салыстырып тексеруге және өнім беруші жылу энергиясымен жабдықтау бойынша нақты көрсеткен қызметтер үшін қарызды өтеуге міндетті екендігіне назар аударамыз". Жылу энергиясы және ыстық сумен жабдықтау (ССЖ) бойынша берешек болған кезде осы берешекті өтеу қажет. Өтелмеген жағдайда, "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС нотариаттық немесе сот тәртібімен өндіріп алу құқығын өзіне қалдырады.