Жаңалықтар

Электр энергиясын тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтаудың Үлгілік шартын бұзу туралы хабарлама

21 Қараша 2024, 12:49

Алдағы электр энергетикасы саласындағы өзгерістерге байланысты, "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС-ні  "Қарағанды Жарық" ЖШС-не қосылу жолымен қайта ұйымдастыру рәсімін жүргізуде, сондай-ақ  Шарттың 8-тарауының 15-тармағына сәйкес 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС жоғарыда аталған шартты бұзу туралы хабарлайды.

2025 жылғы 01 қаңтардан бастап электр энергиясымен жабдықтау "Қарағанды Жарық" ЖШС компаниясы жүзеге асыратын болады.

Осыған байланысты, салыстыру актісіне және шартты бұзу туралы келісімге қол қою үшін уәкілетті өкілді Қарағанды қ., Лобода к-сі, 35а., 201 каб. жіберу қажет.

Тұтынылған электр энергиясы бойынша берешек болған кезде осы берешекті 15.01.2025 жылға дейін өтеу қажет. Өтелмеген жағдайда, нотариаттық немесе сот тәртібімен өндіріп алу құқығы құқықтар мен міндеттемелердің толық құқықтық мирасқорлығына байланысты "Қарағанды Жарық" ЖШС атынан қайта ұйымдастырылған заңды тұлғада қалады.