Құрметті қала тұрғындары және біз көрсететін қызметіміздің барлық тұтынушылары!
«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС Қарағанды қаласының энергиямен жабдықтаушы ұйымы болып табылады және жылу және электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асырады. Көрсетілген осы энергия түрлерімен жабдықтау Сіздер, біздің тұтынушылар тұратын пәтерден тыс орналасқан инженерлік коммуникация бойынша іске асады. Осы желілерді жабдықтауға дәл оның қауіпсіз іске қосылуына сияқты пәтер иелері жауапты, бұл көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын тұрғындарға қатысты. Біз білетіндей, барлық инженерлік жүйелер мен жабдықтар тұрақты бақылау және белгілі бір элементтерін одан кейін ауыстыратын тексерістерді, сонымен бірге ұзақ мерзімді және қауіпсіз пайдалану үшін профилактикалық жұмыстардың жүргізілуін талап етеді. Әрбір тұрғын өз бетімен жалпы үйішілік мүлікке жөндеу жүргізуі және үйдің инженерлік коммунациясын қажетті түрде ұстап тұруы мүмкін еместігі анық. Бұл қызмет түріне білікті персоналдары және арнайы дайындалған кадрлары бар, барлық іске қосу және профилактикалық қызметтер мен тексерулерді жүргізе алатын мамандандырылған ұйымдарды тарту қажет.
Жалпы үйішілік энергия желілерінің, сондай-ақ жалпы үйішілік есептеу құралдарының тиісті техникалық жағдайын және қауіпсіздігін жабдықтау «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС жеке жасалған шарт негізінде міндеті болып табылады. Көрсетілген шара 2015 жылдың 07 желтоқсанынан Қарағанды облысының Әкімшілігінің № 69/06 қаулысымен бекітілген Қарағанды облысы бойынша коммуналдық қызметті көрсету ережесіне сәйкес қарастырылған. «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС 2016 жылдың қазан айынан бастап кондоминиум объектілерімен немесе осы объектілердің басқару органдарымен үйішілік инженерлік желілерге қызмет көрсетуге шарт жасасуды жүзеге асыратынын хабарлайды, қысқаша ҮИЖҚК.
Бұл келісім барлық инженерлік коммуналдық желілердің: электрлік желілер, жылумен жабдықтау желілері, ыстық су және суық сумен жабдықтау және кәріз «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС қызмет көрсетілуіне аударылатынын қарастырады. Келісім жасасқан кезде біздің мамандармен тексеру жүргізілетін болады және одан кейін құралдың жөндеуі мен ауыстыруы бойынша ұсынымдар берілетін болады. Одан кейін жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады, сондай-ақ үйдің дайындық актісі алынғаннан кейін жылыту мерзіміне дайындық жүргізілетін болады. Диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған. Сіз диспетчерге төтенше жағдайда немесе басқа да жағдайда тәулік бойы хабарласуыңызға болады, одан кейін хабарласу себептерін жою мақсатында арнайы бригада жіберілетін болады. Барлық жүргізілетін жұмыстарға жасалған келісім шегінде мүмкін салдарын жоюменен кепіл берілетін болады. Бүгінгі күнде осы қызметті біз барлық көлемнен бір шаршы метрді он теңгемен бағалаймыз. Келісім жасауға барлық құжаттармен осы жерде таныса аласыз, сонымен бірге 36 99 01 телефоны бойынша кеңес алуыңызға болады. Келісім жасауға негізгі құжат болып үй-жай (пәтер) иелерінің жиналыс хаттамасы болып табылады. Хаттама үлгісі де төменде көрсетілген. Келісім жасасуға ниетіңізді білдіру жағдайында, сіз хабарласқаннан кейін кондоминиум объектісі жағдайына бағалау жүргізілетін болады, одан кейін келісім жасау және Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап берілетін жиналыс өткізілетін болады.
Құрметпен,
«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС
ҮИЖҚК қызметі